«SAT» люстра дүкендер желісінде тауардың кең таңдауы ұсынылған

29

Үйіңізге немесе қандай да бір ғимаратқа жарық шамдарын іздеп жүрсіз бе? Шымкенттегі «SAT» люстра дүкендер желісі сізге көмекке келеді. Мұнда кез-келген бөлмеге ерекше дизайндық рең беретін шамдардың кең таңдауы бар. Арманыңыздағы люстраны қолжетімді бағада, ең бастысы жоғары сапада ала аласыз. Сондай ақ, компания тұтынушыларына керемет жеңілдіктер де қарастырған.

Шымкенттік тұрғын Алмара Омарова жолдасымен бірге үйіне люстра таңдап жүр. Жарықтандыру құрылғылары ерекше талғамды қажет етеді дейді баспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан отбасы. Себебі бөлмеге ерекше дизайндық рең беретін осы шамдар.

Алмара Омарова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен бүгін өзімнің қонақ бөлмеме люстра алуға келдім. Мұнда барлығы қолжетімді бағада екен. Және жақсы қызмет көрсетеді. Ойымдағы тауарды тапты, енді соны алайын деп жатырмын»

Тұтынушылардың таңдауы «SAT» люстра дүкендер желісіне түсті. Бұл 3 қабатты ғимарат ішінде люстралардың кең таңдауы ұсынылған. Мұнда қарапайым модельдерден премиум сападағы жарықтандыру шамдарына дейін бар. «SAT» компаниясы люстраларды, еден шамдарын, прожекторларды, жарықдиодты шамдарды сатумен және оларды орнатумен айналысады.

Мұхтар Әкімбайұлы, «SAT» люстра дүкендер желісінің қызметкері: «SAT люстра дүкенінде таңдауыңызға 2500-нан астам тауар түрі ұсынылады. Сонымен қатар, электро тауар бөлімі де бар. Бізде барлығы қолжетімді бағада. Өйткені бізге тауарлар ешқандай делдалсыз, тікелей Қытай зауытынан келеді. Лофт, модерн, хайтек, классика, кез-келген дизайн форматтағы люстраны өзіміз заказ берсек те болады. Мешіттерге, сауда орындарына арналған дизайнерлік люстраларды ұсынамыз. Сонымен қатар бізде дизайн интерьер мамандары жұмыс істейді. Олардың әрбір жобалары сәтті шығады. Ол сөзсіз»

«SAT» люстралар дүкені еліміздің 3 бірдей қаласында бар. Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаласынан бөлек, жыл соңында Алматыдан да дүкеннің тағы бір нүктесі ашылмақ. «SAT» компаниясы кең ассортиментімен қатар, жөндеу қызметімен де ерекшеленеді. Яғни, дүкеннен алған тауарыңыз бұзылып қалса, арнайы мамандар оны еш қиындықсыз жөндеп береді.

Мұхтар Әкімбайұлы, «SAT» люстра дүкендер желісінің қызметкері: «Бізің дүкенімізде жөндеу қызметі бар. Кішкентай бүлдіршіндер бүлдіріп қойса, немесе үйдегі люстра зақымданса ешқандай қиындықсыз жөндеп береміз. Қазақстанның барлық өңіріне жеткізу қызметі бар. Сонымен қатар, біздің белсенді ұжым халыққа жақсы қызмет көрсетеді»

«SAT» люстралар әлемінде тұтынушылар үшін керемет жеңілдіктер де қарастырылып тұрады. Мәселен, тамыз айының соңына дейін 70 мың теңгеден астам қаражатқа сауда жасасаңыз, кіші қажылыққа жолдама ұтып алуыңыз мүмкін.

Мұхтар Әкімбайұлы, «SAT» люстра дүкендер желісінің қызметкері: «Қазіргі айда, яғни тамыз айының соңына дейін  70 мың теңгеден астам қаржыға сауда жасасаңыз, реттік нөмері бар билет береміз. Сол билет арқылы айдың соңында Умра сапарына жолдама сыйлайтын ниетіміз бар. Умра сапары — ең басты сыйлық. Сонымен қатар, теледидар, бағалы сыйлықтар, техникалық сыйлықтарымыз да бар»

Сатып алушылар үшін компания тағы бір науқан ұйымдастырған. Тамыз айының 8-12 жұлдызы аралығында сәт люстра дүкендер желісінде 70 пайызға дейінгі жеңілдіктер де болады. Жеңілдікпен сапалы тауар сатып алып, Умра жолдамасына үміткер болыңыз.

Мекен-жайымыз: Рысқұлов көшесі, 79/А