Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

34
Фото: Отырар.кз

Бүгін ұлы композитор, қазақ музыкасының падишасы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай «Шәмші әлемі» гүлзарында сазгердің көзін көрген өнердегі інілері мен жергілікті мәдениет қайраткерлерінің қатыуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

«Қазақ вальсінің» королі Шәмші Қалдаяқовтің туған күніне орай жергілікті өнер қайраткерлері талантты композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, қазақ ән өнерінің біртума майталманының аты берілген аллеяда облыстық филармония сүйелмеуімен сазгердің әндері шырқалды.

Аллеяға композитордың көзін көрген жандар, өнерпаздар мен шәкірттері келді. Соның бірі Шәмші Қалдаяқов атындағы байқаудың ең алғашқы жеңімпазы Құрман Шойынбаев. Оның жеңіс тұғынынан көрінуіне сазгердің «Ән еркесі» туындысы көмектесіпті. Ол талай жыл ағалық ілтипатын көрген тұлғаны еске алу дәртүрге айналды дейді.

«Өзіміздің жақсы көретін Шәмші ағамыздың дүниеге келген күні 15 тамыз. Жылда біздің филармония өкілдері ағамыздың ескерткішінің алдында тағзым етіп, әндерін шырқап жатқан жайымыз бар. Бұл жылда өтетін іс-шара», — дейді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Құрман Шойынбаев.

Еске алу рәсімінен Шымкенттік мәдениет басқармасының қызметкерлері де тыс қалмады. Олар мұндай іс-шара қазақ музыка королінің есімі мәңгі есте сақтауына септігін тигізетінін айтады.

«Бұл шараның маңызы ән падишасының есімін мәңгі қалдыру. Дегенмен де Шәмшінің есімі алты алашқа аян. Ешқашан естен шықпас есім деп атасақ болады», — дейді бас маман Гүлмира Лазар.

Сазгердің туған күніне арналған тағзым ету шарасы аяқталғанмен қала тұрғындары мен қонақтары ескерткіш маңына жиналып, ұлы компазитордың ұмытылмас, бірегей әндерін шырқады.

Фото: Отырар.кз

Ал, Шәмші атамыздың жерлесі, сазгердің соңғы шығарған әнін көзінің қарашығындай сақтап, жүрген жерінде насихаттаудан талмаған Хадиша Шалабаева өз естелігімен бөлісті. Отырардағы тойды бойтұмарына айналдырған ол кешкі концертке қызу дайындық үстінде.

«Ағамыздың әнін мұртын бұзбай сақтау біздің парызымыз деп білемін. Отырардың 60 жылдығына барғанмын. Нағашы ағам баян арқылы осы өлеңін үйретіп еді. Шәмші ағамыздың әні деп жаттатты. Ол кезде Шәмші ағамыздың қартайған кезі. Құлақ қана қалған қалқайып, даланың үнін естісін деген сияқты. Сол кезде маған Шәмші ағамыз соңғы әнін берді. Менің алғашқы әнім болып қалды тарихта», — дейді әнші Хадиша Шалабаева.

Ұлы компазитордың өнерін дәріптеу мұнымен шектелмейді. Кешкі сағат 20:00-де «Шәмші әлемі» гүлзарында «Әнім сен едің» атты гала-концерт өтеді.