Шымкентте 281 көшенің атауы жоқ. Сондай ақ, қайталанған көше атаулары да бар. Бүгін жауаптылар бұл мәселені шешу үшін, тұрғындармен кездесті. Олар мегаполистегі 195 көшеге жаңа атау ұсынды.
Қуатбек Бапаев «Тассай» шағынауданының көп жылдан бергі тұрғыны. 65 жастағы ер адам аумақтағы бірнеше көшеде атау жоқ дейді. Жаңадан салынған елді мекенге жедел жәрдемнің келуі мұң екен. Сондықтан маңайдағы жұртшылық көшелеріне атау ұсыныпты.
Қуатбек Бапаев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Биік» спорт кешенінің маңайында тұрамыз. Әзірше көшенің аты болмай тұр. Жылдың басында біз өтініш бергенбіз. Біздің көшеге «Биік» атауын берсін деп. Енді бұл мәселе оңды шешіледі деген үміттеміз»
Шымкенттегі 281 көшенің атауы жоқ. Ал оның 84-інің атауы қайталанады. Бүгін жауаптылар тұрғындармен кездесіп, 195 көшеге атау ұсынды.
Мөлдір Оңдасынова, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту архивтер басқармасы басшысының орынбасары: «Бізде Президент әкімшілімен бекітілген тарихи тұлғалар және жер-су атаулары мен дәстүрлі атаулар бар. Сол тізімнің ішінен 5 ауданның ұсынысы бойынша қазір 195 көшеге атау ұсынып отырмыз. Көпшіліктің таңдауына саламыз. Халық өзі таңдайды, ішінде қарсымыз деп, көшелеріне бұл атау болмайды десе, біз олардың мәселесін тағы қараймыз»
Бүгінгі жиында ұсынылған атаулар республикалық онамастикалық комиссияда қаралады. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.