Бүгінде Шымкентте «Қазақ соқырлар» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында «Қос қанат» республикалық ән байқауы өтті.
Екі кезеңнен тұратын байқауға республикамыздың өңірлерінен он шақты қатысушы өнерін көрсетуде. Түркістан сарайының сахна төріне шыққан ерекше жандар композитор Темірхан Базарбаевтың әндерін шырқады. Бұл «Қос қанат» республикалық ән байқауының шартының бірі. Өнер додасында сынға түсуге сонау Өскемен қаласынан Айдана мен Сержан келіпті. Олардың орындайтын әні «Қаздар қайтып барады».Сержан Мұхтарханов, ән байқауының қатысушысы& «Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Биіктерден көріне берсін»
«Қазақ соқырлар» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында ұйымдастырылған «Қос қанат» республикалық байқауы қатысушыларға керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Біріншіден өзіне сенімділігін арттырып, талантын дамытады, бойындағы қасиетін бағалап, тәжірибе алмасады» , — дейді қонақтар.
Полина Угланова, Қарағанды облысындағы зағип жандар, көзі нашар көретіндер мәдениет үйінің басшысы: «Қос қанат» байқауына біз бірінші рет қатысудамыз. Алдын біз «Екі жұлдыз» ән байқауларына қатысқан едік. Бұл жолы біз екі жұпты алып келдік. Сәті түссе, жүлделі орынды жеңіп аламыз. Барлығына сәттілік».
Ән байқауында өнер көрсеткендердің бірі- «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының «Назар» ұлт аспаптар ансамблі. 4-курс студенті Тоғжан Камал – ағымдағы жылдың наурыз айында құрылған ұжымның мүшесі. Ол Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Дулаттың «Ақыртас» туындыларын орындағанына дән риза.
Тоғжан Камал, «Назар» ұлт аспаптар ансамблінің мүшесі: «Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық институтының өнер факультетінде оқимын, 4 курсқа өттім. Мамандығым бойынша алған білімімді жетілдіремін ары қарай. Армандарыма жетемін. Жоспарлар бар».
Марат Прімжанов, «Қазақ соқырлары қоғамы» ҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Қазақ соқырлары қоғамы» ҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен бірінші рет «Қос қанат» республикалық ән байқауы өтіп жатыр. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Мүмкіндігі болғанша өнерлерін көрсетсін. Жастарға үлгі».
Қоғамдық бірлестіктің Шымкенттегі филиалындағы 400-ге жуық зағип жан мен көзі нашар көретіндердің басым бөлігі жастар. Мүмкіндігі шектеулі болса да, бар күш-жігерін салып, арманға жету жолында талмай еңбектеніп келеді. Олардың өмірге деген құлшынысы өзгелерге үлгі, өнеге.