Шымкентте тұрғындарға 58 емхана қызмет көрсетеді

37
фото МӘМС

 

Бүгінгі таңда Шымкентте 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым. Емханаларға тіркелген халық саны 1 228 504 адамды құрайды. Былтыр 800 мыңға жуық пациент емхана қызметіне жүгініп, оларға 8 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілген. Биыл жыл басынан бері тұрғындар емхана қызметіне 3 жарым мыңға жуық рет жүгінген.

Жалпы МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда.

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.

Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тізіммен https://fms.kz/kz/osms-guide/patient/kak-prekripitsa-k-poliklinike/ сайтында танысуға болады.

Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады.
ЭЦҚ болған жағдайда емханаға www.e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тіркелуге болады.

Тіркеу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес екенін естеріңізге саламыз. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, қаладан бір айдан астам уақытқа кетсе немесе өзі қараған емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса және т. б. жасауға болады.