Сот органдарымен белгілеген шектеулерді бұзған 100 адам анықталды

32
фото ТО ПД

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пробация қызметімен бірлесіп, ішкі істер органдарында есепте тұрған 5000-ға жуық адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары сот органдарымен белгіленген шектеулерді бұзған 100 адамды анықтады. Оларға қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 19 адам ҚР Әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында рецидивтік қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтауға және оларды профилактикалық есепке қоюға, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеруге бағытталған «Есептегі элемент» шарасы жүргізілуде.
Сондай-ақ полицейлер әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.