Таныстарының атынан несие рәсімдеген алаяқтық қылмысына күдікті анықталды

19
фото ТО ПД

Түркістан қаласының полицейлері кезекті алаяқтық қылмысын ашты. Нақтырақ айтсақ, полиция жедел әрекет етудің арқасында екі жергілікті тұрғынның атынан несие рәсімдеген 29 жастағы күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай, әйел танысының сеніміне кіріп, одан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, содан кейін 700 мың теңгеге несие рәсімдеп жіберген. Ал жәбірленуші банкке қарызы барын несие төлеу туралы хабарлама келгенде бірақ білген.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің тағы бір осыған ұқсас алаяқтық фактісіне қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын 1 300 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.