Түркістан облысы Төлеби ауданында небәрі 2 күннің ішінде 182 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 151-і жол қозғалысы ережелерін бұзғандар. Демалыс күндері жүргізілген рейд барысында ұсақ бұзақылықтың 9 жағдайы, абаттандыру ережелерін бұзудың – 12 және мал жаю ережелерін бұзудың — 2 дерегі тіркелген. Сондай ақ полицейлер қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 6 адамды ұстады.
Түркістан облысының ПД: «Бұдан басқа, техникалық байқаудан өтпеген — 8, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланған — 6, қауіпсіздік белдігін тақпаған — 37, маневр жасау ережелерін бұзған- 5 және мас күйінде көлік басқарған — 1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды»
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзған 23 жаяу жүргіншіге әкімшілік шара көрілді. Ал айыппұл тұрағына 7 көлік орналастырылған.