Түркістан облыстық дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

126
Judge with gavel sitting at wooden table, closeup

«Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бас директоры мен жеке компанияның басшысы сотталды. Үкіме Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылды. 

Антикор мәліметінше, орталық директорына алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал компания басшысы пара беруге оқталды деген айып тағылып, кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, директордың жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен жеке компания басшысынан 500 мың теңгені алаяқтық жолмен иемденгені анықталған. Сондай-ақ ол өз міндеттерін тиісінше орындамай, нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге залал келтірген.

Сот үкімімен орталық директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ал компания басшысына 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар сотталушылар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

(Фото: istockphoto.com)