Түркістанда жаңа жұмыс орындарын ашатын инвестициялық жобалар жүзеге асады

48

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында оннан астам жобаның жүзеге асырылу барысы, қазіргі жай-күйі сарапталып, өзекті мәселелер қаралды. Облыстағы инвестициялық жобалардың іске асырылу деңгейі қандай? 

Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Жиында өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу деңгейі баяндалды. Мәселен, жауаптылар Ордабасы ауданындағы мұнай өңдеу зауытың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл жоба 2025 жылы іске қосылып, 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Абзал Меңлібеков, «Саутс ойл» компаниясының вице-президенті: «Қазіргі таңда територияда 64 техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы 2 млн куб топырақты алып шығуымыз керек. Оның біз 1 млн. орындап қойдық. Фундамент құю жұмыстары басталып кетті»

Жиында Сайрам ауданындағы құрама жем зауыты туралы да сөз қозғалды. Бүгінде жобаның сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті 38 гектардан астам жер учаскесі сатып алынған. Ал құрылыс жұмыстарына бюджеттен 551 млн. теңге бөлінген.

Сырым Ертаев, «Nurym Group» ЖШС-нің құрылтайшысы: «Бүгінде құрылыстардың металлоконструкция жұмыстары жүріп жатыр. 50-60 пайызы бітті. Жұмыс арқынды жүргізіп жатыр. Қыркүйек айында бітіріп, іске қосамыз деп отырмыз»

Инвестициялық штаб отырысында өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары сараланды. Кестеден кешігіп жатқан кәсіпкерлерге жұмысты ширату, жеделдету тапсырылды.