Түркістандағы туристік полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

33
фото ТО ӘБҚ

Түркістан қаласында 25 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді. Рухани астанаға келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен мамандарға арнайы нысанды киім, құрал-жабдықтар мен қажетті техникалар берілген. Туристік тәртіп сақшылары – Қ.А.Ясауи кесенесі, «Керуен сарай» кешені, Президент саябағы аумағын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін екі ауысыммен бақылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алады. Көмек қажет болған жағдайда жәрдем етеді.

Туристік полицияның қызметіне соңғы бір айда 650-ден астам азамат жүгінген. Мамандардың айтуынша, туристер мен қонақтар «Түркістанда қандай қонақ үйге тоқтауға болады?», «Көші-қон полициясы қайда орналасқан?» және бір нүктеден екінші нүктеге қалай жетуге болатыны жайындағы сұрақтармен жиі келеді.
Айта кетейік, мұндағы қызметкерлер жедел әрекетке дайын жас мамандардан құралған. Олар ана тілімізден бөлек, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және қала тарихын жетік меңгерген.