Түркістанды дамыту мәселесі жан-жақты сарапталды

25

Түркістан қаласына инвестиция тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтағы 7 га жерге 200-ге тарта жаңа жұмыс орны бар 4 жоба іске қосылмақ. Бұдан бөлек, индустриалды аймақта тағы 11 жобаны қосу көзделуде.

Түркістан облысының аудан, қалалары өңір орталығына қарап бой түзейтінін ескерсек, мұндағы жұмыс сапалы әрі мазмұнды болуы керек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерінің даму тұжырымдамаларын тыңдауда. 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері және резервтер, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбек есеп берді.

Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласының әкімі: «4 жоба 1,2 миллиард 01.10 Түркістан қаласына инвестиция тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймағынан 7 га жерге 200-ге тарта жаңа жұмыс орны бар 4 жоба іске асырылмақ».

Бұдан бөлек, индустриалды аймақ 11 жоба іске асырылуда. 190 гектарды құрайтын аймақта 39 жоба орналасқан. Онда 1500-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласының әкімі: «Жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 196,4 млрд. теңгеге жетіп, өсім 9,5%-ды құраған. Жалпы қалада экономикалық белсенді халық саны 83 мыңнан асады. Еңбек индикаторындағы негізгі міндет –  жұмыссыздық деңгейін төмендету. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде жаңа және субсидияланатын жұмыс орындарынан бөлек, шағын несие және мемлекеттік грант беру шаралары да қамтылады».

Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау және еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасы аясында 500-ден аса адам сертификат алды. Жүзден аса тұрғын кәсіпкерлік негіздерін оқыған. Ал сұранысқа ие дағдыларды 300-ге жуық адам онлайн меңгерген.