Заңсыз салынған 82 құрылыс нысандарынан 45 млн. теңге айыппұл өндірілді

32
фото smarttop.kz

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 155 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған.

Сонымен қатар, 82 құрылыс нысандары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынып, 45млн 509 мың 694 тг жуық мемлекет бюджетіне түсім түсті.
Аталған нысандар Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесінің кезекші картасында айқындалған. Басқарма тарапынан Заңсыз құрылысты болдырмау және алдын алу үшін тұрғындар арасында аудан әкімдіктерімен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.