Жалған купюра мен есірткі саудасы: Шымкенттің екі тұрғыны сотталды

235

Шымкентте жалған купюра және есірткі сатқан тұрғын мен оның сыбайласы ұсталды. Аталған факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысында агенттік қызметкерлерінің бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілген. Кейінірек сарапшылар қорытындысымен сатып алынған зат жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткісі  екені расталған. Сонымен қатар аталған ер адам жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.

Бұдан өзге жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталған. Күдіктіден 13 100 жалған АҚШ доллары тәркіленді. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылды.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылды. Оның біріне — 11 жыл, екіншісіне 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

(Фото: istockphoto.com)