Жастар керуені мемлекеттік бағдарламаларды насихаттады

27
фото СА ӘБҚ
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, оларды қоғамдық ортаға тарту, мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуге бағытталған “Жастарға бағыт” жастар керуені аясында Ақсукент ауылының жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге Ақсукент ауылдық округ әкімі Мәди Абайұлы қатысып, жастарға қолайлы жағдай туғызу және жастардың уақытын тиімді өткізу бағытында атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтті.
Сайрам аудандық “Мансап орталығы” филиалы маманы Абдулла Баратов жастарды қолдауға бағытталған Мемлекеттік бағдарламалармен жастарды ақпараттандырды.
Сонымен қатар суда шомылу қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, қауіпсіздік ережелері таныстырылып арнайы брошюралар таратылды.