Электронды темекі сатқаны үшін жазаланды

23
фото inbusiness.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. К. ҚК-нің 301-1-бабы 1-бөлігімен (шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату) айыпталған.

К. «Әсем» атты азық-түлік дүкенінде сатушы қызметін атқару барысында шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы, заңға қайшы екенін біле тұра «WAKA» атты маркалы электронды темекісін сатқан.
Сотталушының кінәсі өзінің, куәгерлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Прокурор сотталушы К.-ға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сот қандай және неліктен жаза тағайындады:
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін, соттылығының болмауын және жасын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот, Н.-ға ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.