1 қазан — Халықаралық қарттар күні

1

Ертең — Халықаралық қарттар күні. Айтулы датаға орайда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы еңбек ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтады. Арнайы ұйымдастырылған шарада бірқатар зейнеткер қала әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Гауһар Төлепова, «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы: «Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаладағы славян мәдени бірлестігі хорының ардагерлерін құттықтауға келдік. Өмір бойы еңбек етіп, қартайған шағында да тоқтап қалмай өмірін қоғамға арнаған, қоғамның өсіп өркендеуіне арнаған үлкен қарияларымызды құттықтап, оларға құрмет көрсетуге келдік»