1 қазаннан бастап Шымкентте екі кезекші ХҚКО жұмыс істейтін болады

54
фото ХҚКО

 

 

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 1 қазаннан бастап кезекші кестеге сәйкес  қаладағы  екі ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды. Кезекші ХҚКО-лар Абай ауданы Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Қаратау ауданы Төлеметов көшесі, 35 мекенжайы бойынша қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат  20:00-ге дейін, ал сенбі күндері  13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші МХҚКО әдеттегі мекенжайы бойынша  қызметалушыларды қабылдайтын болады: Достық  ш.а, 2343/1. Ол жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күні 9:00 — ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Тұран ауданының Мәделі Қожа көшесі, 1Г мекенжайындағы ХҚКО 1 қазаннан бастап қалыпты  жұмыс кестесіне көшеді – қызметтер  тек жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін көрсетілетін болады.  Бұл орталық Абай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығымен бір ғимаратта орналасқанын ескертеміз.

Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы да онлайн алуға болады.