АЭС — тұрақты энергия көзі: Парламент депутаттары университет ұжымымен кездесті

25
Отырар.кз

Бүгін Шымкентте Парламент депутаттары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет ұжымымен кездесті. Халық қалаулылары энергия өндіруде уран әлдеқайда қауіпсіз және мол қуат көзі екеніне тоқталды. Елімізде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман бар. Сарапшылар АЭС салуда қорқыныштың реті жоқ екенін айтуда.

Қазақстанда металлургия, көлік, IT, медицина, және ауыл шаруашылығы өндірісіне қажет электр қуатының тапшылығы сезілуде. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атом электр станциясын салу маңызды. Еліміз 2030 жылға қарай парниктік газ көлемін 15 пайызға қысқартуға міндеттеме алды. Осыны сөз еткен Парламент депутаттары Шымкенттегі университет ұжымымен кездесіп, энергия өндіруде уран мол қуат көзі екенін атап өтті.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті сенатының депутаты: «Қазақтың аяғы кірмеген сала – атом энергтикасы саласында да үлкен зерттеулер, жұмыстар жүргізілп жатыр. Мамандар қайда деген сұрақ туады. Атом станциясын жүргізетін, қауіпсіздігін қадағалайтын азаматтар қазақтың ортасынан шыға ма деп. Қазірдің 1800-ге жуық жас осы салада білім алып жатыр. Тағдырлы кезеңде, заманның құбылып тұрған кезеңінде қазақ елінің келешегі үшін жастарымыз да, интеллигенция өкілдері және соларды тәрбиелейтін үлкен орда өкілдері сіздер қолдайды деп сенеміз».

Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

Қазір барлық өңірде халыққа түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Сенатор Нұрлан Бекназаров референдум өткізу — Қазақстанда энергия тапшылығын жоюға бағытталған шаралардың алғы қадамы екнені атап өтті.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті сенатының депутаты: «Президент нақты 6 қазанда осы пісіп жетілген мәселе. Бірақ дегенмен референдум арқылы жасау керек қажеттілігін тағы да айтып, өзінің ресми құқығын пайдалана отырып, осындай референдум тағайындады. Қоғам үшін, халық үшін қажетті мәселелерді талқылау қажет, ашық түрде айтылу қажет. Референдум ол бүкілхалықтық, ерікті түрде. 18-ге толған азаматтардың құқығы бар, соны пайдалану қажет».

2035 жылға қарай электер энергиясын тұтыну сағатына 150 млрд килловаттан асады. Қолдағы электр станциялары оны толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың сөзі. Ол тығырықтан шығудың бірден бір жолы – АЭС салу екенін айтады.