Шымкенттегі Әл Фараби ауданыныңдағы 8 мекен жайда орналасқан көпқабатты үйлердің сыртқы қасбетіне мурал салу жұмыстары жүргізіліп, келбеті көріктендірілді. Атап айтқанда: Күншығыс ш/а №90, Теріскей ш/а №2, Ә.Жангельдин №3, №1, Д.Ерімбетов №7А, №32 және К.Тоқаев №14 көпқабатты үйдің екі жақ бетіне.
Бүгінде, тарихы шамамен 100 жылға созылған муралдар әлемдік мәдениетте лайықты орын алуда. Түрлі түсті суреттер қала көркіне сән беріп, туристер мен қонақтарды тартады. Сонымен қатар, мурал суретшілердің талантын білдірудің тамаша құралдарының бірі болып табылады.