Мегаполисте «есірткі картасы» жасалмақ. Осы мақстта «Шымкент – есірткісіз қала» жалпықалалық науқаны өтіп, психотроптық заттар қойылатын орындар анықталып жатыр. Нашақорлықтың алдын алуды көздеген шараға 1500 жас пен ерікті қатысты. Шара аясында есірткі мен психотроптық заттардың жарнамалары жойылды.
Шымкентте есірткі тасымалдаушылардың қай жерге улы затты ең көп жасырып кететіні анықталып жатыр. Осылайша енді «есірткі картасы» жасалмақ. Осы мақсатта бүгін «Астана» алаңында «Шымкент – есірткісіз қала» жалпықалалық акциясы өтті. Мұндағы мақсат азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және нашақорлықтың алдын алу.
Арман Бейсенбаев, Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары:
«Қалада көптеген есірткі жарнамалары бар. Қабырғаларға, гараждарға есірткі жарнамаларын салып кетеді. Соны анықтап, жою жұмыстарын жүргіземіз. Одан бөлек есірткі тығатын жерлерді анықтап, «есірткі картасын» жасаймыз. Наркотасымалдаушылардың қай жерге жиі есірткі заттарын тығатынын анықтаймыз»
Іс-шараға жалпы саны 1500 жас пен ерікті қатысты. Есірткісіз өмір сүруді қолдайтындар қатарында Аяулым Мықтыбек те бар.
Аяулым Мықтыбек, ерікті: «Осы балончиктермен неше түрлі жарнамаларды өшіріп жатырмыз. Және қазіргі тағдағы актуалды проблема — кибер қауіпсіздік. Сол жайында да халыққа ескерту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»
Акция аясында есірткі мен психотроптық заттар жарнамаланған орындар жойылды. Сондай ақ, қоғам арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.