Кентаудағы жылу энергия орталығы жаңғыртудан өтіп жатыр. Ол үшін Үкіметтен 9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінде орталықтағы 6 қазандық реконструкциядан өтіп, тағы екеуі ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстың аяқталу мерзімі қашан? Жылыту маусымына Кентау қаласы қаншалықты дайын?
Кентау қаласындағы жылу энергия орталығы жаңғыртудан өтіп жатыр. Ол үшін 9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Қайта құрылымдау жұмысы жылыту маусымына дейін толық аяқталып, дайын болады дейді мамандар.
Саяхат Саятұлы, Кентау сервистік станциясының директоры: «4 қазандықтың екеуі 98 пайызға дайын. Екі қазандығы 85 пайызға дайын. Кестеге байланысты жұмыс қарқыны өзгермей істелініп жатыр. Алла қаласа белгіленген уақытта Кентау халқын 100 пайыз дайындықпен кіруге еңбек етіп жатырмыз».
Кентаудағы 1934 жылы іске қосылған бұл жылу электр орталығындағы қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Белгіленген талап бойынша мұндағы қазандықтар 5 жыл сайын күрделі жөндеуден өтуі қажет. Бірақ, Кентау қаласындағы қазандықтар кейінгі 11 жылда жөндеу көрмеген. Салдарынан, өткен жыл қыста қазандықтар істен шығып, кентаулықтар аязда жылусыз қалды.
«Биыл жылыту орталығында 6 қазандыққа реконструкция жүргізіледі. Оның төртеуінің құрылысы қыркүйек айының аяғында аяқталады деп жоспарланған. Ал қазан айында алғашқы сынама жұмыстары жүргізіледі. Биыл жылыту маусымына Кентау қаласы толық дайын болады дейді жауаптылар. Сонымен қатар, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр».
Мұндағы қайта жаңғырту жүргізіліп жатқан төрт қазандық құрылысы қыркүйектің соңына дейін аяқталмақ. Ал қалған екеуі қараша айына дейін пайдалануға беріледі. Жылыту маусымына дейін үлгеру үшін қазір жұмыс екі ауысымда жүріп жатыр. Күндіз мұнда 240 адам, түнде 50-ге жуық жұмысшы еңбек етуде.
Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары: «Қай жерді өзгерту керек, қай жерді дұрыс жасамаған? Соны күнделікті айтамыз. Қазір де кемшіліктер бар. Қалып қап жатқандары бар бізде он күндей. Бірақ біз күнделікті бақылап, түнгі сменаны қойып, жұмысшыларды көбейттік. Қазір жұмысшылардың саны 240-қа жетті. Күнде де, түнде де тексеріп қадағалап отырмыз».
«Құрылыстың әр кезеңіндегі жұмыстар аяқтау мерзімінен кешіккен жағдайда айыппұл салынады», — дейді облыс әкімінң бірінші орынбасары. Сондай-ақ, ол жылыту маусымына дейін белгіленген жұмыстар толық аяқталатынын жеткізді.