Кентауда егіз оқушылар алғашқы қоңырау соқты

32
фото ТОӘБҚ

Кентау қаласында 1 қыркүйек – Білім күніне орай барлық білім нысанында салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңыру соғылды. Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы Т.Рысқұлбеков атындағы №24 жалпы орта мектебіне барып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.

– Жалпы Кентау қаласының ұстаздары білім мен тәрбие беруде көптеген табыстарға жетуде. Өткен оқу жылында бітіруші түлектеріміз үлкен жетістіктерге жетті. 864 оқушының 528-і білім грантына ие болды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен қуаныш, – деген қала әкмі, Жаңа оқу жылына қадам басқан оқушылардың оқуда озат болуларын тіледі.
Мектепте бірінші сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, осы арқылы ізгі тілектерін білдірді. Әсем әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер мерекелік көңіл-күй сыйлады. 11-сынып үздігімен бірге бірінші сынып оқушылары, оның ішінде ағайынды егіз Аяна және Раяна Бекарысқыздары бірге алғашқы қоңырауды соқты.
Іс-шарадан кейін қала әкімі мектеп сыныптарын аралап, ашық сабаққа қатысты. Ағымдағы жөндеуден өткен білім ордасының материалдық техникалық базасымен танысты.
Айта кетейік, жалпы биыл қала бойынша 11-сынып бойынша 1024 оқушы «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысты. Ал оған қоса 1910 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа қабылданды.