Онлайн ойындар — балаға қауіп қайдан келеді?

70
Фото: Отырар.кз

Балалар арасындағы суицидтің көбеюіне қатысты Білім министрлігі мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізу туралы шешім қабылдады. Жиналыс 23-27 қыркүйек аралығында өтеді. Жиынның тақырыбы күнделікті өмірде және әлеуеттік желілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ата-аналардың жауапкершілігі болмақ. Онда тұрғындарға түрлі кеңес берілмек.

Өз ойын еркін жеткізе алмау, жақындары тарапынан қолдаудың болмауы балалардың күмәнді желілік орталарға кіруіне түрткі болады дейді сарапшылар. Бұл торға кез келген жеткіншек түсуі мүмкін. Дегенмен ерекше тәуекелдер тобына әлеуметтену проблемалары бар және құрдастарымен немесе ата-аналарымен достық қарым-қатынас орната алмайтын балалар жатады. Мұндай жағдайда балалар жылуды сырттан іздейді. Бірақ онлайн байланыс ортанатын достықтың соның денсаулыққа зиян тигізіп қана қоймай, арты өлімге алып келуі де ықтимал.

«Отбасы неғұрлым әлеуметтік жағынан сау болса, соғұрлым оның деструктивті тенденцияға түсуі азаяды. Неліктен жасөспірім деструктивті ағымға түседі? Ол қарым-қатынасты іздейді, онлайн байланыс бастапқы кезеңде қолдау, түсіністік сезімін береді», — дейді психолог Айгүл Шынтөреева.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы қоғамда көп талқыланбайтын тыйым салынған тақырып. Себебі өлім туралы айтуға болмайды. Дегенмен сарапшылар сақтық үшін, келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл мәселені ортақ талқылау керек екенін айтады.

«Жақсысың ба? Шеше алмайтын мәселелерің бар ма? Мәселе қиын сияқты сезіледі ме? Деп балалардан сұрау керек. Өлім, өмір мен өлім тақырыбын арасында көтеріп тұру керек. Бастысы балаларға өлімнің мәңгілік өмірге алып кететінін, одан қайту мүмкін еместігін айту маңызды. Өлім ойыншық емес, ата-анаға сабақ болсын деп тәуекелге бару туралы ойлауға болмайды. Онда артқа қайту деген батырма жоқ деп түсірдіру керек», — дейді ЕҰУ психологиялық қолдау орталығының басшысы Назерке Бейсенова.

Көбінесе мұндай деструктивті топтар мессенджерлерде құрылады. Онда қара ниеттілерді қадағалау және бұғаттау мүмкін емес, дейді киберқауіпсіздік мамандары.

«Шын мәнінде шабуылдаушылар шынайы ақпаратты көрсетпеуі мүмкін. Басқа сілтемені жіберіп, «Көгілдір кит» ойынына бірден кіргізіп жібере алады. Әлеуметтік желіде ақпарат өте көп, жіберілген сілтеменің қайсысына кіру керек, қайсысына кірмеу керек ой елегінен өткізе алу маңызды. Мұндай жағдайда не істеу керектігін балаларға үйрете беру қажет», — дейді киберқауіпсіздік сарапшысы Нұрғали Қарабаев.

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кетті. Құқық қорғау органдары қазір оларға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Білім министрлігі болса, барлық мектептерде ата-аналар жиналысын өткізу туралы шешім қабылдады. Онда балалардың өміріне қауіп төндіретін жайттың алдын алу бойынша кезең-кезеңімен ұсыныстар айтылмақ. Ал, Ішкі істер министрлігі 16 қыркүйекте Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған қыздардың телефондарын тексеру кезінде суицидтік ойынға оқушылардың қатысы бары анықталмаған.