Полицейлер ерекше түнгі рейд өткізді

11
фото ТО ПД

Жол көлік оқиғалары көбінесе қас қарайған уақытта болады. Бұл уақытта жолдың анық көрінуі төмендейді, жүргізушілер шаршап, соның салдарынан болатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс полицейлері ерекше түнгі рейд өткізді.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальоны жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау үшін республикалық маңызы бар тас жолдарда, Түлкібас, Сауран шеп бекеттерінде қызмет атқарып, жолда жүрген жүргізушілердің ұйықтап кету фактілерін болдырмау, ұйқысын ашу мақсатында кофе таратты.
❕Жол үстінде кетіп бара жатқан алысқа қатынайтын ауыр жүк көліктері, жолаушы тасымалдаушы автобустар, жеңіл көліктерді тізгіндеуші әрбір тұрғынмен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.