Қазақстанда «Coca-Cola» компаниясының 30 жылдық мерейтойы өтті

23

Қазақстанда Coca-Cola компаниясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шара Қарағанды, Павлодар, Семей қаласында басталып, Шымкентте аяқталды. Ауқымды концертте танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Coca-Cola компаниясы 30 жылдық мерейтойын Қазақстанның 4 бірдей өңірінде атап өтті. Шымкентте өткен ауқымды шараға 5000—ға жуық адам жиналды. Мегаполис тұрғындары үшін ұйымдастырылған концертте фуд-бұрыштар орналастырылып, кока-кола сусыны тегін таратылды. Ол үшін жай ғана арнайы фотоаймақта суретке түссеңіз жеткілікті.

Coca-Cola Coke Studio компаниясы осы жаздың ұмытылмас, ерекше музыкалық концертін ұйымдастырды. Кеш жүргізушісі белгілі актриса Анара Батырхан көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай ақ, мерекелік шарада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Көрермен көңілінен шыққан кештің тағы бір ерекшелігі – аквагримм. Coca-Cola ұйымдастырған концертке жиналғандар мұндай мерекені жиі ұйымдастырып тұру қажет дейді. Айта кетсек, қала орталығында өткен ауқымды шараға қатысу тегін болды.