Қоқыс жәшігінің толғанын QR-код арқылы хабарлай аласыз

26
Фото: Отырар.кз
Қаламыздағы қоқысы толып қала беретін жәшіктер маңына QR-код қойылып жатыр. Бұл әзірге пилоттық жоба. Егер тұрғындардың мәселесін шешуге септігі тисе, барлық нүктелерге қою жоспарланған.
 
Қалада жыл сайын халық саны артып келеді. Сәйкесінше қоқыс мәселесі өзекті. Мұны шешу үшін ақылды қалалар концепциясы аясында цифрлы контейнер пилоттық жобасы қолға алынды. Мәселен, Желтоқсан 88 мекенжайына QR-код қойылған. Мұнда телефонды жақындатсаңыз. 109 біріңғай байланыс орталығының WhatsApp мессенжері ашылады.
Фото: Отырар.кз
Хабарламада, бірден мекенжайы жазылған жазба пайда болады. Шағым ретінде 109 номеріне сол смс-ті жіберсеңіз жеткілікті. Арыз бойынша тапсырма, бірден жауаптыларға жүктеледі. Жергілікті тұрғындардың бірі жаңа жобаның пайдасын көрдік десе, кейбірі енді ғана естіп жатқанын жеткізді.
 
«Жиі тазалайды негізі. Бірақ тез толып қалады. Мына дүкендер, көлік жуатын орын қоқыстарын алып келіп тастайды. Жан-жақтан да әкеп тастайды. Кафелар балығының қалдығын әкеліп тастайды. Мен өзім хабарласпадым. Көршілерім QR-код арқылы хабарласқан. Сол кезде келіп тазалап кетеді»;
 
«Енді естіп тұрмын. Халыққа тиімді шығар деп ойлаймын. Хабарлама жібермей жатып, тазалап кетеді деген ойдамын», — дейді жергілікті тұрғындар.
 
Пилоттық жоба аясында қоқыс жәшігінің қасына камералар да қойылып жатыр. мамандар бұл өрт қаупінің алтын алуға септігін тигізетінін айтады. Сонымен қатар, заңсыз құрылыс заттарын тастаушылармен күресуде жақсы көмекші дейді цифрландыру басқармасының басшысы.
 
«Бұл жерде пилоттық жоба 2 сигментке бөлінген. Біріншісі, қоқыс жәшігінің толып кетуін қадағалау, одан кейін ол жерде болатын өрттерді хабарлап отырады. Өздеріңіз де білесіздер көпқабаты үйлердің айналасында қоқыс жәшіктерінің тез толуы жеке сектердан адамдар келіп, өздерінің қоқыстарын немесе басқа ба өздерінің құрылыс заттарын тастап кетеді. Ондай жағдай болдырмас үшін жаңа жоба бойынша жұмыс істеуді ұолға алдық», — дейді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.
 
Мамандардың сөзінше бейнекамералар қою арқылы мәселелі нүктелерге қызметкерлерді дер кезінде жіберіп отыруға мүмкіндік туады. Айта кетейік, биыл Әл-Фараби ауданында эуростандартқа сай 680 қоқыс жәшігін ауыстыру жоспарланған.