Шымкент аумақтық сайлау комиссиясында республикалық референдумға қанша азаматтың қатысуға құқығы бар екенін есептеп шықты. Қазақстанда атом электр станциясы қажет немесе қажет емес деген сұраққа Шымкент қаласының 640 583 тұрғыны жауап бере алады. Ал сайлаушылар тізімінен өзіңізді қалай табуға болады?
Алдағы күндері барлығына қай сайлау учаскесінде дауыс беруге болатындығы туралы смс-хабарламалар келе бастайды. Бірақ егер Сізге SMS келмесе, онда өзіңізді сайлаушылар тізіміне қосудың екі нұсқасы бар.
Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Қала бойынша бізде 344 сайлау учаскесі бар, оның 23 – і жабық. Учаскелердің тізімдерін олардың орналасқан жерімен әкімдіктің сайтында немесе біздің сайтта көруге болады. Әрі қарай, сіздің үйіңізге ең жақын жерді анықтағаннан кейін, сіз сайтқа келіп, тізімдерде тіркелгеніңізді тексере аласыз, ол үшін сізге ЖСН қажет болады. Егер сіз тізімде болмасаңыз, онда ЖСН-мен бірге мекен-жай анықтамасын қоса беруіңіз керек және сіз тізімге енгізілесіз».
Тізімнен бөлек өзіңізді сайлаушы ретінде, Шымкент референдумының жеделхат-ботынан табуыңызға да мүмкіндік бар. Бот қарапайым. «Сайлау учаскесін табу» батырмасын басу арқылы ЖСН енгізу жеткілікті және бағдарлама сізге толық ақпарат береді. Ал, егер алдын-ала қамданбаған болсаңыз, дауыс беру күні де тізімге енгізудің мүмкіндігі бар.
Дауыс беру күні әр учаскеде операторлар болады, комиссия деректеріңізді қарап, шешім қабылдағаннан кейін сіз дауыс беру бюллетенін аласыз. Тағы бір нұсқа – байланыс орталықтары. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін — жалпықалалық-109-дан басқа, қалада барлық бес ауданда колл-орталықтар жұмыс істейді.
Абай ауданы 53-03-27
Әл-Фараби ауданы 39-02-01
Еңбекші ауданы 43-30-05
Қаратау ауданы 77-46-06
Тұран Ауданы 39-98-60
Референдумды заң шеңберінде өткізу үшін барлығы ойластырылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар да қарастырылған ,- дейді сайлау комиссиясындағылар.
Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Ерекше қажеттіліктері бар 3 615 сайлаушы үшін дауыс берудің барлық шарттары тексерілді. Референдум күні мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 28 инватакси және құлағы нашар еститін адамдар үшін 65 сурдоаударма беріледі. Сондай-ақ, 210 нашар көретін азамат Брайль әліпбиін пайдалана алады».
Еске сала кетйік, Атом электростанциясы бойынша Референдум 6 қазанда өтеді. Қазақстандықтар бір ғана сұраққа жауап беруі керек- ”Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын қолдайсыз ба? Әлде жоқ па?»