Осыдан 15 жыл бұрын Сайрам-Өгем шатқалында 10 шекарашы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғада мерт болғандардың туған-туыстары мен достары Абай саябағына жиналды. Олар құрбандарды үнсіздікпен еске алды.
2009 жылы Сайрам-Өгем шатқалында шекарашылар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапқан еді. Бұл еліміз үшін орны толмас қайғы болды. Марқұм болған шекарашылардың туған-туыстары Абай саябағына жиналып, құрбандарды еске алды. Зардап шеккендердің жақындары мұндай шаралардың маңызды екенін айтты.
Ерлан Махмудов — сол бір қайғылы оқиғадан аман қалған шекарашылардың бірі. Сержант Ел қауіпсіздігін сақтау жолында жан тәслім еткен сол кездегі топ мүшелері мен достарын сағынышпен еске алады.
Айта кетейік, осыдан 15 жыл бұрын «Арлан» барлау-іздеу тобының ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған. Сол уақытта Өзбекстанның Шекара қызметінен 6 адам Қазақстанға қарай шекараны заңсыз қиып өтуі мүмкін деген ақпарат ресми тараған еді.