Түркістан облысында әкім орынбасары қызметкермен төбелесіп қалды. Оқиға Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында болған. Төбелестің неден шыққаны және полицияға кім арызданғаны қазірше белгісіз.
Дегенмен, полиция департаменті бұл жайтты ресми түрде тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптама тағайындалған. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді”, — делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.