Сарыағашта жергілікті тұрғын үй жағдайында арыстан мен 10 шақты жабайы құсты асырағаны анықталды.
Сирек кездесетін жануар мен қанаттыларды мамандар тәркілеп, тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғады. Әзірге күдіктінің жыртқыш аңды қайдан алғаны белгісіз. Алайда сезікті сөзінде оларды өз қызығушылымен баққанын айтқан.
«Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады. жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді», — дейді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.
Ал сезіктіден алынған жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа жайғастырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.