Шымкент — инвестиция тарту бойынша үздік үштікте

15

 

Мегаполиске инвестиция тарту бойынша Шымкент тағы да үздік үштікке енді. Өз ісін ашуды көздегендер Қазақстанға, әсіресе үшінші мегаполиске әлемнің әр елінен келеді. Шымкентке инвестиция салу неліктен тиімді?

661 млрд теңге. Бұл Шымкентке 2023 жылы тартылған инвестицияның жалпы сомасы. Өнеркәсіп орындарында өндірілген өнім көлемі 1 трлн теңгені құраған. Бұл Шымқаланың әртүрлі елдердің кәсіпкерлері үшін қызықты екенін көрсетеді.

Бұл әлемдегі ең ірі алкогольсіз сусындар өндірушілердің бірі. Бұл брендті барлығы дерлік біледі, енді ол Шымкентте шығарылады. Инвесторлар бұл іске 27 млрд теңге қаржы салды.

Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бұл жобаға барлығы 27 млрд теңге инвестиция тартылған. 150 тұрақты жаңа жұмыс орны. Жылына 280 млн литр өнім өндіріледі».

Ал бұл Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов! Ол кәсіпкерлікті дамыту саласын қадағалайды. Ол инвестиция тарту саласындағы мәселелердің басым бөлігі шешілгенін айтады. Шымкентте 7 индустриялық аймақ ашылды, онда Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен құны 519 миллион доллар болатын 289 индустриалды жоба жұмыс істеп жатыр! Ал онда 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Алғашында индустриалды аймақтарда инфрақұрылым желілерін жеткізу проблема болған еді. Бір жыл көлемінде біз толық мониторинг жүргіздік. Өз уақытында бизнеске беріліп, игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтардық».

Ал бұл кездесу Шымкентке инвесторлар тартуда үлкен рөл атқара алады! Мұнда қала әкімі әртүрлі елдердің өкілдеріне өз бизнесін осында дамыту қаншалықты тиімді екенін айтады! Делегаттар ішінде ауған тарапы Шымкентте бизнесті дамыту тиімді әрі қажет деп есептейді!

Рехман Рахмани, Ауғанстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі:«Бұл қаланың климаты бизнесті дамытуға өте қолайлы. Біз елдер арасындағы ынтымақтастық тиімді болатынына сенімдіміз. Бізге бизнес саласында дамудың барлық бағыты қызықты».

Қалада инвестиция ағыны артып келе жатыр. Шымкент қаласы әкімінің айтуынша, тек өткен жылы қаладағы орташа жалақы 275 мың теңгені құрап отыр.

Қала бюджетінен жалақы алатын 15 мың жұмысшыға 50 000 теңге қосымша жәрдемақы енгізілді. Бұл шара тұрғындардың кірісін арттыруға септігін тигізеді.