ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы тағайындалды.
Департаменттің жаңа басшысының әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол. Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.