Шымкентте емханалар арасында байқау жарияланды

100
фото МӘМС

 

Шымкентте 1 қыркүйектен бастап медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасында байқау басталды. Ұйымдастырушы — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы.

Үздік емхана МӘМС жүйесінде қамтылған азаматтар санының көрсеткіші, арыз-шағымдар санының төмендеуі, медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен қағидаттары туралы ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялау сынды байқау шарттарының негізінде анықталады. Шымкентте халыққа Қормен шарт жасасқан 58 емхана қызмет көрсетуде.

«МСАК үздігі» байқауының қорытындысы 2024 жылдың 15 желтоқсанында жарияланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жалпы, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасындағы байқау еліміздің әр өңірінде өтуде. Алғашқы байқау маусым айында Қарағанды облысында өткен болатын.