Шымкентте ерекше аялдама пайда болды

10

Шымкентте ерекше аялдама пайда болды. Нұрсәт тұрғын алабында өртке қарсы автобус бекеті орнатылды. Енді тұрғандар қоғамдық көлікті жәй ғана күтіп тұрмай, қауіпсіздік ережелерімен таныса алады. Арнайы орында судағы, өрт және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтар көрсетілген. Сондай-ақ, төтенше жағдайларда ерлік көрсеткен қызметкерлердің де суреті бейнелеген.

Жанғали Аяпов, Қаратау ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі:
«Аталған аялдама Нұрсәт тұрғын алабы 45/42 ғимаратының жанында, адам көп шоғырланған жерге орнатылды. Аталған мекен-жайда қоғамдық көліктерге арналған 2 аялдама орны қарастырылған. Аялдамада тұрғындарға өрттің алдын алу шараларын қалай жүргізу керектегі көрсетілген. Негізгі мақсат құтқарушылар мамандығын дәріптеу және тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақыру»

«Құтқарушылар» аялдамасының тағы бір ерекшелігі – газ балоны бейнесіндегі қоқыс жәшігі. Төтеншеліктер мұндай тақырыптық бекеттер тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға көмектеседі дейді. Айта кетсек, бүгінде мегаполисте жалпы саны 2300-ден астам аялдама бар.