Шымкентте ерекше балаларға арналған колледж ашылды

48
фото ШӨКҚ

Сайрам тұрғыны алабындағы жарты ғасырлық тарихы бар ерекше балаларды тәрбиелеп, білім беретін мекеме ағымдағы жылы 12 маусым күні «колледж» дәрежесін алды.

Мектеп – интернат 1979 жылы арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған көмекші мектеп-интернат болып, 2021 жыл 12 мамырда – «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледж» арнайы кешен» болып қалыптасқан.
Ерекше білім алатын балаларды тәрбиелеумен қатар, білім беріп, оларды өмірге бейімдеп, мамандық бойынша дайындайтын мекемелер қатарынан орын алған бұл кешенде 300-ден аса бала, 200 дей қызметкер жұмыс жасап келеді.
Ерекше білім алатын балалар түрлі іс-шараларға қатысып, байқаулардың жүлдегерлері атанып, тәрбиеші, мұғалімдерімен қоса ата-аналарын да қуантып отыр.
Колледжде ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы, тігінші мамандықтары бойынша кәсіп меңгертсе, алдағы уақытта аспаз мамандығы, аяқ киім шебері мамандықтары бойынша топ ашып, мамандар дайындайды.
Қазіргі таңда, 48 талапкер оқуға құжат тапсырып, студент атанды.
Олар ішінде:
3W07221402 – «Ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы» мамандығында — 23 студент.
3W07230101 – «Тігінші» мамандығына – 25 студент оқуға қабылданды.