Шымкент қаласы полиция департаментімен «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында граффити түрінде есірткі жарнамалағаны үшін Д есімді азамат ұсталды.
34 жастағы қала тұрғынының үйінен есірткі сататын сайттарды ғимарат қабырғаларына бейнелеуге арналған 6 дана трафарет табылып, тәркіленді.
Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атап өтейік, есірткі заттарын насихаттау және заңсыз жарнамалау үшін заңнамаға сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.