Шымкентте полицейді пышақтап кетті

31
Отырар.кз

Шымкенттегі Д.Қонаев даңғылының бойында ер адам тәртіп сақшысын пышақтап кеткен. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, ал полицей жол бойында ес-түссіз жатыр. Куәгерлердің айтуынша, полицейді пышақтап кеткен. Жараланған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның үстінен полиция қызметкерінің өміріне қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.