Шымкентте қант диабетін емдеуге арналған препараттар шығарылмақ

27
фото Отырар.кз

Қант диабетін емдеуге арналған препараттар енді Шымкентте шығарылады. Отандық өндірушілердің дәрі-дәрмегі келесі жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қолжетімді болады. Қазір ол шетелден сатып алынып жатыр және ол бағаның қымбаттауына әкеп соғуда.

Рүстем Байғарин, зауыт директоры: «Нарыққа жаңа өнімдерді әзірлеу үшін жұмыс істейтін ARND зертханамыз бар. Ал қазір біз өз өнімдерімізді әзірлеу үшін жаңа заманауи зертхана салуды жоспарлап отырмыз. Мұнда біз өнімдерімізді, өз әзірлемелерімізді игеру, нарыққа шығару бойынша түбегейлі жаңа деңгейге шыға аламыз«.

Жаңа өндірістің іске қосылған соң «Дапаглифлозин» преапаратына жұмсалатын мемлекеттік шығын шамамен 1 миллиард 300 миллион теңгеге қысқарады. Бұл ретте препараттың сапасы өз деңгейінде қалады, — дейді зауыт директоры. Отандық өндірушілер шетелдік әріптестерімен бірдей технологияларды қолданады. Сондай-ақ, кәсіпорында онкологиялық аурулармен күресу үшін дәрі-дәрмектер шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр.