Шымкенттіктер V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жеңімпаздарын қашан құттықтайды?

5
Фото: Отырар.кз

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойынында шымкенттік спортшылар ел қоржынына 16 медаль салды. Оның 7-еуі алтын, 5 күміс, 4 қола. Дүбірлі доданың аяқталғанына 1 апта өтті. Ел намысын қорғаған спортшыларды додадан кім күтіп алды? Шымкентте жеңімпаздарға құрмет көрсетіп, марапаттау рәсімі қашан өтеді? 

Бұл дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпаздарын қала тұрғындары, яғни спортшылардың туыстары мен әріптестерінің қарсы алу сәті. Байрақты бәсекеде қала атынан қатысқан 18 спортшы 7 алтын, 5 күміс, 4 қоланы қанжығасына байлады. Соның бірі небәрі 4 жылдың ішінде үздік нәтиже көрсете білген Жәнібек Құлмырзаев. Ол 33 үміткердің ішінде дәстүрлі садақ атудан 1 орынды еншіледі.

«70 метр ең қиыны және алыс арақашықтық. Аллаға шүкір, бізге бұйыр,ан екен. Алтын алдым. Оңай болған жоқ. Одан алдын 6 ай оқу-жаттығу жиынында болдық. Садақ атып жатқанның өзінде трибунадағы халықтың, жанкүйердің қолдап-қуаттаймыз, дұғадамыз деген қолдауын сезіп отырдым», — дейді Көшпенділер ойындарының жеңімпазы Жәнібек Құлмырзаев.

Арқа-жарқа қуанышқа бөленіп ел намысын қорғаған азаматтарды қарсы алып демеушілер, күтіп алу рәсімінен кейін спортшыларға ат мінгізіліп, жеңімпаздарға көпшілік тарапынан қошемет көрсетілді.