Сот мүгедектігі бар тұлғаға дауды медиация тәртібімен шешуге жәрдем берді

24
фото Zakon.kz

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап қоюшы Б. жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті»  мемлекеттік мекемесінің әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюмен жүгінген.

Судьямен тараптарға осы дауды татуласу арқылы шешудің тиімділігін түсіндірудің нәтижесінде, тараптар медиациялық келісімге келді. Медиациялық келісім төмендегі шарттармен бекітілді:
Талап қоюшы Б. жауапкер Департамент арқылы сарапшылардың сырттай қайта куәландыру қорытындыларымен келіспейтіні және өзінің қатысуымен қайта куәландыруды сұрап өтінішпен жүгінуге міндеттенеді. Жауапкер Департамент талап қоюшы Б.-ның берген шағым-арызы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен емдеу мекемесінен 031у үлгідегі медициналық әлеуметтік сараптама қорытындысы негізінде маманның қатысуымен талап қоюшыны көзбе-көз қарап, қайта куәландыру жүргізуге міндеттенеді. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.