«Таза Қазақстан»: Экоакцияға шымкенттіктер белсенді қатысуда

10

Коммуналдық қызмет саласының жұмысшылары қаланы ретке келтіруді әдеттегідей жалғастыруда. Таңертең Шымкенттегі көше бойындағы аялдамалар жуылады.

Темір және шыны панельдер үлкен қысыммен сумен тазартылады. Аялдама павильондарының айналасындағы асфальт та жуылады.
Тазалық пен тәртіп орнатуға ата-аналармен бірге балалары да шығып,қолдарынан келгенше қаланы тазалығына өз үлесін қосты. Небәрі үш жастағы Айлиннің белсенділігіне тамсанасың. Балақай шашылған бөтелке, қағаздарды жинап, қоқыстарды сөмкеге салып әлек.

Жерлестерінің тазалық шарасындағы құлшынысы Асқарбек Пайзовты қуантады. Аула сыпырушы болып жұмыс істейтін ол ерте таң сәріден тұруды әдетке айналдырған. Осы уақытта 5 ауланы сыпырып үлгереді.

Асқарбек Пайзов, аула сыпырушысы:»Мен таңғы 8-ден бастап жұмыс істеймін, бұл Мен үшін де, бәрі үшін де пайдалы! «Таза Қазақстан» жобасы қалада аптасына бір рет емес, жүйелі түрде тазалық орнату қажет екенін ойлауға және түсінуге мүмкіндік береді. Жастар бізге көмектеседі, әрқашан! Барлық тұрғындар шығады, көп рақмет! Мен шақырамын! Жай отырмаңыз-қозғалыңыз!»

Экологиялық бастама «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында өтіп жатыр. Жыл басынан бері мегаполисте жүз жиырма мыңға жуық ағаш отырғызылған. Акция аясында шаһар аумағы тазартылып қана қоймай, жаңаруда. Мысалы, Абай атындағы орталық саябақ пен саябақ көгалдандырылды, орындықтар орнатылды, жарықтандыру жаңартылды! Кәсіпкерлердің қолдауының арқасында қалада серуендеуге арналған демалыс орындарының саны артуда.