Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан білім-инновация лицейінде болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы балалардың білімге, өнерге деген құштарлығын, спортқа деген ынтасын көріп, ризашылығын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Бұл мектептің аты жақсы «Білім-инновация». Жастар білімді болуы керек. Сондықтан баршаңызға бақыт тілеймін. Білімді болыңдар».
1997-2024 жыл аралығында білім ордасын 1072 түлек бітірген. Грантқа тсүкендердің саны 95 пайызды құрайды. 127 оқушы шетелдегі жоғары оқу орындарына түскен. Балалардың білім алуында озық технологиялар кеңінен қолданылуда.