Мақтаарал аудандық сотында талап қоюшы Х.Ш-ның жауапкер З.Д-ға, мүдделі жақ Мақтаарал аудандық тіркеу және жер қадастр бөліміне келтірген, заңсыз иегердің иелігінен жер учаскесін қайтарып алу туралы талап қою арызы қаралды.
Талап қоюшы, жауапкердің пайдалануындағы Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан көлемі 1,5 гектар суармалы жер учаскесін өзінің пайдасына қайтарып алып беруін, адвокаттың енбегіне төленген 150 000 теңгені және 2065 теңге баж салығын өндіруді сұраған.
Сотта тараптарға медиациялық келісімнің артықшылықтары түсіндіріліп, онда медиациялық келісім түзіп, келісімді бекітуді сұраған.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, аталған келісімге сай, жауапкер талап қоюшыға Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан 1,5 га суармалы жер телімін қайтарып беруге және қайта жерді дауламауға міндеттенеді.
Талап қоюшы Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан 1,5 га суармалы жер телімін қайтарып алып және талап қоюынан бас тартуға міндеттенеді.
Азаматтық іс жүргізу тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж сомасы 2065 теңге АПК-нің 107-бабының талаптарына сәйкес кері қайтарылған.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.