Заңсыз салынған, «қызыл сызыққа» түскен ғимараттарды бұзу жұмыстары жалғасуда

32
фото САӘБҚ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлының тапсырмасына сәйкес, Ақсу ауылы, Абылай хан көшесі бойындағы заңсыз салынған, «қызыл сызыққа» шыққан ғимараттарды ретке келтіру, бұзу жұмыстары жалғасуда. Бұл өз кезегінде, аудан орталығындағы абаттандыру, жолды кеңейту мәселелерінің шешімін табуға сеп болады.

Алдағы уақытта аудан аумағындағы басқа да заңсыз құрылыстар бойынша анықтау жұмыстары нәтижесімен, тиісті шаралар қабылданады.