Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

35
фото ШҚӘБҚ

Шымкент қаласының жол желісін дамыту аясында инфрақұрылымды жақсарту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша жаңа жолдардың салынуы қаланың әртүрлі аудандарына ыңғайлы қатынауға мүмкіндік береді және қолданыстағы көлік артерияларындағы кептелістерді жеңілдетеді.

Қолданыстағы жолдарды қайта жаңарту және күрделі жөндеу – жол жамылғысын жаңарту және жолдардың сапасын арттыру қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға ықпал етеді. Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) – қозғалысты басқарудың заманауи технологияларын енгізу көлік ағындарын оңтайландыруға және көшелердегі кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралардың барлығы шымкенттіктердің жайлы қалалық ортасын құруға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Жаңа жолдардың құрылысымен 10 нысан немесе 29,4 шақырым жол құрылысы  жоспарланып, ағымдағы жылы 6 нысан яғни,  21,8 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде яғни, Д. Қонаев даңғылы 2,6, кезеңдері, Қызылсай кірме жолы, Т. Өтегенов көшесі 1,2 кезеңдері, Оңтүстік айналма жолы бар. Жолдарды реконструкциялаумен 6 нысан яғни,  24,9 шақырым жолдарды реконструкциялау жоспарланып, ағымдағы жылы 2 нысан яғни, 3,7 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жолдарды күрделі жөндеумен 2 нысан 17 шақырым жоспарланып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. С. Юсупов,Тамшыбұлақ, Ізенді, Жаңа қоныс және Ю. Сареми көшелері бар.

Шымкенттегі негізгі жолдарды күрделі жөндеуден бөлек, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Дәл қазіргі уақытта 345 көше чғни, жалпы ұзындығы  235,6 шақырым жолдарды жөндеу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 185 көше немесе 123,3 шақырым жолдарға жөндеу жұмыстары жүрізілуде. Ал қалған 160 көше яғни жалпы ұзындығы 112,3 шақырым жолға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жыл қорытындысымен 215 көше яғни, 137 шақырым жолдарға асфальтбетон қабаты төселіп пайдалануға беріледі. 2024 жылдың қорытындысымен аудандар кесіндісінде бұрынғы шағалтасты 133 км жолымыз асфальтбетонды қабатқа айналатын болады.

Жолдарды күтіп ұстау да басты назарда тұр. Биылғы жылы көшелерді күтіп ұстау жұмыстарымен қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысының 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланған болатын, бүгінде оның 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артып отыр.

Қала тұрғындарының тиісті мекемеге жасаған өтініштері де назардан тыс қалған емес. Осы орайда, тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге яғни,  30 шақырым көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселінді. Бұл өз кезегінде 1 жылдық уақытты және 500 млн. тенге қаражатты үнемдеді.

Осылайша дәл қазіргі уақытта үшінші мегаполисте жөнделмеген жол қалмады деуге болады. Қаланың әр тарабында асфальт төселіп, жолдар жаңарып жатыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана.