30 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйелге қатысты үкім шықты

106
фото Отырар

Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін қылқындырып өлтірді деген әйелге қатысты сот үкімі шықты. 50 жастағы сотталушының сөзінше ол, бұл әрекетке ішкілікке салынған жұбайы тарапынан болған зорлық-зомбылық әрекеттерінен шаршағандықтан барған. Жұбайын қылқындырып өлтірді деген әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәкен Тұрғынбаев, Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы: «Сотталушы кештердің бірінде жұбайының мас күйінде үйіндегі баспалдақта отырғанын көріп, оған жақындап, кардиганның белбеуін шешіп, оны жұбайының мойнына кигізіп, екі бағытқа қарай тартқан. Нәтижесінде жұбайы оқиға орнында қаза болған»

Сотталушы мен марқұмның ортақ төрт баласы бар. Оның бірі – туғаннан мүгедектігі бар бала. Сотталушының айтуынша, жұбайы кіші ұлын физикалық кемістігі үшін үнемі ұрып-соққан. Жұбайы мас күйінде үйге келген күндері анасы мен балалары туыстары мен көршілерінің үйіне кетуге мәжбүр болған. Бұл жағдайларды сотта көршілері растаған.