5 құрылыс компаниясы жалған құжат жасау арқылы 6,4 млрд теңге пайда тапқан

110
Фото: Отырар. кз

Шымкентте 5 құрылыс компаниясы ешқандай жұмыс атқармай, 6,4 миллиард теңге пайда тапқан. Жалған шот-фактура беріп келгендер ешқандай қызмет көрсетпеген, ал сатып алынған тауарлар ешқайда жөнелтілмеген.

Бұл жайтқа байланысты қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, құжаттар экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 4 талап-арыз берілді. Тексеру нәтижесінде осы жағдайды бақыламаған 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нұрдәулет Қарымсақов, Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры: «Тексеріспен 2022-2024 аралығын қарадық. Осы жылдар аралығында жасалған заңбұзушылықтар. Қазір енді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания директорлары, құрылтайшылардан жауап алып, қаржылық құжаттарды жинап сотқа дайындайды«.