Әбу Нәсір әл-Фараби музейіне құнды сый табысталды

22
фото ТОМБ

Түркістан облысы мәдениет басқармасының Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейіне құнды сый табысталды. Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жыллдығына орай 2021 жылы Египеттің астанасы Каирде өткен «Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің Ислам өркениетіне қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық конференция материалдарының 5-томдық жинағы тапсырылды.

Жинақты Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифтің арнайы жолдауымен Әбсаттар қажы Дербісәлінің жұбайы Рафия Дербісәлиева тапсырды. Бұл еңбектің құндылығы – жинаққа әлемдік деңгейдегі озық фарабитанушылардың «әл-Фараби» туралы зерттеу-мақалалары енгізілген. Алдағы уақытта жинақты қазақ тіліне аударып, қазақтілді зерттеушілерге қолжетімді ету жоспарланып отыр