Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында 3 гүлзар салынып жатыр. Бұдан өзге тұрғындар жайлылығы үшін 4 спорт алаңшасы мен 66 балалар алаңы орнатылуда. 32 көшеге асфальт төселіп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі айтты. Бұдан өзге шенеунік аудандағы үйлердің 99 пайызы қысқы маусымға дайын деп сендірді.
Әл-Фараби ауданы аумағында биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көпқабатты 70 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын, спорт алаңшаларын орнату үшін 1 миллиард 717 миллион 971 мың бөлінген. Қазіргі таңда 66 ойын және 4 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аудан аумағын абаттандыру деңгейі 78,3%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев айтты.
Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Биыл ауқымды 70 ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Енді бұл жұмыстар кезең-кезеңімен 2024 жылы толықтай игеру жоспарлап отыр. Қалған 123 ауланы алдағы екі жылда толықтай 100 пайызға жетеміз деген межеміз бар».
Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында ауданда 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Бүгінде тағы 3 заманауи сквер құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданда 390 көше болса, оның 124 көшесі жарықтандырылған. Биыл бюджет есебінен 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін көрсеткішті 62%-ға жеткізу көзделіп отыр.
Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Қала әкімінің қолдауымен биыл көшелерді 1000 көшеден астам жарықтандыру жоспарланған болатын. Соның 118 көшесін Әл-Фараби ауданында жүргізу тоықтай жүріп жатыр. Жылдың қорытындысымен әлеуметтік маңызы бар 244 көше жарықтаныдырылады».
Аудандағы 390 көшенің 366-сы асфальтталған. Тағы 15 шақырымды құрайтын 24 көшеге — тас жол төселген. Қазір 32 көшеге асфальт қабаты төселіп жатыр. Жыл аяғына дейін асфальтталған көшелер 94%-ды құрайды дейді аудан әкімі.
Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Бізге берілген жаңа функция – ауладағы шұңқырларды жамау. 120 аулада толықтай жүріп жатыр. Осы қазан айында толықтай ауладағы жұмыстарды бітіретін боламыз. Және жаңа берілген функцияның бірі 41 мекен-жайда тротуар салу. Бұл жұмыстар аяқталу барысында».
Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты 928 тұрғын үйдің 859-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта 854 үй қысқы жылу маусымына дайын, бұл 99,4%-ды құрайды.